Ақтөбеліктер қан қысымын өлшеуден Гиннестің рекордын жаңартуға жиналып жатыр

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде бір мезетті 500 дәрігер тұрғындардың қан қысымын өлшейді. Сөйтіп 2015 жылы Үндістанда тіркелген Гиннесс рекорды жаңарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Астана қаласының 20 жылдығына орай Ақтөбенің дәрігерлері Гиннесс рекордын жаңартуды қолға алды. «Денсаулық» саябағына барлығы 500 дәрігер жиналып, олар бір мезетте қала тұрғындарының қан қысымын өлшеуге дайындалып жатыр. Сөйтіп, 1 сағатта 4 мың адамның қан қысымын өлшеу тапсырмасы орындалды.

nullҰйымдастырушылардың айтуынша,  Гиннесс рекордын жаңарту үшін 18 жастан 60 жасқа дейінгі адамдар алдын ала шақырылды. Бұл акцияға облыс әкімдігі және әкімдіктің құрылымдық бөлімшелері белсенді қатысты. Ал облыстық денсаулық сақтау басқармасы әлемдік Гиннесс рекордын жаңарту туралы өтінім берді.

null Айта кетейік, қан қысымын өлшеу рекорды 2015 жылы Үндістанда жасалды. Олар бір сағатта 3 600 адамның қан қысымын өлшеді.

Соңғы жаңалықтар