Ақтөбеліктер суицидпен күресті халықаралық ұйымдармен бірге жүргізбек
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысы БҰҰ Даму жөніндегі бағдарламасы мен ЮНИСЕФ балалар қоры арасындағы жұмысты 2018 жылы бастайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ақтөбе 2018 жылы екі ірі жобаны бастайды. БҰҰ Даму жөніндегі бағдарламасымен бірлесе атқарылатын жоба үш жылға жоспарланған. Аграрлық саланы дамытуға, бәсекеге қабілеттілігін арттыруға арналған жұмыс 365,3 миллион теңгеге есептелген. Қаржының бір бөлігі республикалық бюджеттен бөлінеді.
«Екі жоба да республикалық бюджет есебінен қосымша қаржыландыралады. Мәселен, ЮНИСЕФ балалар қорымен бірлесіп өңірдегі суицид, екпеден бас тарту жұмыстарын жүргіземіз. Бұл жоба құны 619 миллион теңге. 2018 жылдан бастап іске асырылатын жобалар үш жылға жоспарланған»,- деді Ақтөбе облыстық сыртқы байланыстар және туризм басқармасының басшысы Ермек Кенжеханұлы.