Ақтөбеліктер жалғыз баспанасы өртеніп кеткен отбасыға көмектесіп жатыр

 АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеліктер жалғыз баспанасы өртеніп кеткен Тоқмамбетовтер отбасына көмектесіп жатыр. Олар іргетасын құйып, қабырғасын қалап қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеліктер жалғыз баспанасы өртеніп кеткен отбасыға көмектесіп жатыр

Ақтөбе қаласының Құрылысшы бау-бауша ұжымында үйден өрт шығып, балалар бір-бірін аман алыпшыққан болатын . Екі жыл бұрын қабырғасы қаланған үйдің шатыры ортасына түсіп, Тоқмамбетовтер 5 баласымен далада қалды. Өрт болып, үйі күлге айналған хабарды естіген жергілікті әкімдік арнайы мамандары жіберіп, оқиғаның мән-жайымен танысты. Кейін «Қолқанат Ақтөбе» қайырымдылық қоры мен мешіт құрылыс материалдарын жеткізіп берді.null

«Қайырымды адамдар легінде шек жоқ. Бәрі балаларымыздың көз жасына қарайласып, көмектескен секілді. Рахмет айтамыз. Үйіміздің бұрынғы тастарын құлатып, қайта іргетасы қаланды. Жиналған ақшаға құрылысшыларды шақыртып, қабырғасын қалатып алдым. Күз жақын болған соң құрылысты жеделдету керек. Біз үйімізді тастап, басқа жерге қона алмаймыз. Себебі, ешкім болмаса кез келген затымыз ұрланып кетеді. Ал ауламызда құрылысқа қажетті ағаш, қиыршық тас, құм мен шатырға арналған жабынды, тіпті, тұрмыстық техникамыз бар»,- деді Батыр Тоқмамбетов.

Тоқмамбетовтердің балалары қазір лагерьде демалып жатыр. Бақыт, Арсен, Нұрбек мектеп жанындағы жазғы лагерьде тынығып жатыр. Ал Сырғалым мен Әлхәкім балабақшаға барып жүр.
null

«Телефон шалып, жағдайымызды сұрағандарға қажетті заттарымызды айтамыз. Қазір құжаттарды қайта қалпына келтіріп жатырмыз. Балалардың туу туралы куәлігі жасалды, енді жеке куәліктің келуін күтеміз. Кейін үйіміздің құжатын реттейміз. Қазір үйдің ауданын кеңейтіп салдық. Құрылыс жұмыстары кезінде достарымыз, таныстарымыз көмектесті»,- деді Б.Тоқмамбетов.
null

Айта кетейік, Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы тоңазытқыш, кір жуатын машина мен теледидар сыйға тарту еткен. Қала тұрғындары киім-кешек пен азық-түлік тасып жатыр. «Қазір үйдің жанындағы күркеге түнеп жүрміз. Түн салқын, бірақ шыдаймыз. Бір айдың ішінде үйіміздің құрылысын бітіргіміз келеді. Бір адамға іс өнбейді. Өзім қолымнан келгенін жасап жүрмін. Ақысыз демалыс алдым, құжаттарымды рәсімдеумен уақыт өтіп жатыр»,- деді Б.Тоқмамбетов.
null  
null