Ақтөбеліктер жемқорлыққа қарсылықтарын ерекше жолмен білдірді
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік қызметкердің имиджін қалыптастыру мақсатында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің облыстық департаменті көрме ұйымдастырды. Ақтөбедегі колледж студенттері қағаз бетіне жемқорлықтың зияны мен қоғамға тигізетін кесірі туралы ойларын түсірған. «Руханият» музейінде өткен көрме кезінде 18 студенттің жұмысы таныстырылды. Олар адамның, мемлекеттік қызметкердің бойындағы адалдық, әділдік қасиеттерін суреттей алды. Әрі жемқорлыққа жол берген адамдың жазасыз қалмайтыны суретте анық көрсетілген.
«Бұл жұмыс әрі қарай жалғасады. Біз қоғамды сыбайлас жемқорлықтың жаман інден, күрес жұмыстары баршаға ортақ екенін түсіндіргіміз келеді»,- деді Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Рафхат Бисенов.
Көрмені мәдениет қызметкерлері, студенттер мен қала тұрғандары тамашалады.