Ақтөбеліктер жол-көлік оқиғасы кезінде қаза тапқан қызды ақтық сапарға шығарып салды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеліктер 7 шілде күні жол-көлік оқиғасы кезінде қаза болған 19 жастағы Сюзанна Гамидованы ақтық сапарға шығарып салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тұңғыш Президент атындағы орталық саябақта болған жол-көлік оқиғасы кезінде қаза болған бойжеткен Сюзанна Гамидованы ақтық сапарға шығарып салу рәсіміне оның ұстаздары мен құрдастары, таныстары жиналды.

null 

«Сюзанна Гамидова №14 орта мектепте білім алды. Ол өте ақылды, алғыр, көпшіл еді. Мектепті бітірген соң Алматыға оқуға түсті. Ақтөбеге демалысқа келген болуы керек. Жас өмірі қыршынынан қиылды. Қайғы оқиға туралы оның сыныптастарынан естідім. Алғашында сенбедім»,- деді сынып жетекшісі Гүлжан Сүлейменова.

Ақтөбеліктер жол-көлік оқиғасын жасап, адам өмірін қиған адамның жазаға тартылуы керек деп отыр.

«Сюзанна өте жақсы оқыды. Тәртіпті қыз. Ол үлкенді сыйлай білетін оқушы болды. Би үйірмесіне қатысып, қоғамдық шараларда белсенділік көрсетті. Сюзаннаның жол-көлік оқиғасы кезінде қаза болғаны туралы сыныптастары  айтты. Алғашында біреуі айтып, оған мән бермедім. Кейін тағы да қаралы хабар келді. Менің ойымша көлік иесі жазасын алуы керек»,- дейді ұстазы Жарқын Сейтмамбетова.

null

Бұған дейін хабарлағанымыздай , 7 маусым күні кешкілік 19 жастағы көлік жүргізушісі Тұңғыш Президент атындағы орталық саябақта серуендеп жүрген бойжеткенді қағып кетті. Сюзанна Гамидова оқиға орнында мерт болды.Кейін Сюзаннаның апасы Екатерина Гамидова әлеуметтік желі арқылы ақтөбеліктерді қоштасу күніне шақырып, жол-көлік оқиғасына жауаптыларды бейжай қалдырмайтынын ашық айтты.

null

Ақтөбе облыстық Ішкі істер департаментінің мәліметіне сүйенсек, 19 жастағы көлік жүргізушісі ішімдік ішпеген. Қазіргі уақытта ол ауруханада ем қабылдап жатыр .  Бірнеше медициналық-техникалық сараптама тағайындалды.

null

Соңғы жаңалықтар