Ақтөбелік қолөнер шеберлері 155 жылдыққа 155 метр көрпе тікті

АҚТӨБЕ. KAZINFORM — Ақтөбе қаласының 155 жылдығы аясында қолөнер шеберлері 155 метрлік көрпе тікті. Бәрі де су тасқынынан зардап шеккен ақтөбеліктерге таратылады.

қолөнер
Фото: Алтынай Сағындықова/Kazinform
қолөнер
Фото: Алтынай Сағындықова/Kazinform

Ақтөбе қаласының 155 жылдығы биыл «Күшіміз бірлікте» ұранымен өтті. Ұйымдастырылған шараның бәріне су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар қатысып, этнофестивальде тігілген көрпе арнайы сол адамдар таратылды.

— Этнофестивальдің бір бөлімі Көрпе party деп аталды. Оған Қурайлы мәдениет үйі жауапты деп бекітілді. Ақтөбе қаласындағы шеберлердің басын қосқан чатқа кіріп, қандай жұмыс атқара алатынымызды талқыладық. Ұзындығы 2 метр 30 см болатын 67 көрпе тігілді. Шеберлер арасында жеке кәсіпкерлер де, мектеп мұғалімдері де бар. Барлығы 46 шебер қатысты. Көрпенің бәрі су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға таратылады, — деді Қурайлы мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Сандуғаш Таубаева. 

қолөнер
Фото: Алтынай Сағындықова/Kazinform

Ұсыныс түскенде ақтөбелік шеберлер бірден келіскен. Олар ою-өрнектің мән-мағынасына терең үңілді.

— Мұны 10 күндей уақытта тігіп шықтық. Қызғалдақ көктемнің, Ақтөбенің де символы. Ал Құрсақ оюды таңдағанымыздың себебі Ақтөбеміздің қойнында небір байлығымыз бар. Соны көрсеткіміз келді. Жеріміз көк, молшылық болсын деген ниетпен жасылды, көз тимесін деп қызылды қолдандық. Өзім алты көрпе тігіп, сыйладым. Әр көрпеге 3,3-3,6 келі мақта салдық. Дәл осындай үлгіде алғаш тігіп отырмыз. Бұл бірнеше шебердің идеясы негізінде тігілді, — деді шебер Айгүл.

қолөнер
Фото: Алтынай Сағындықова/Kazinform

Айта кетейік, этнофестиваль аясында киіз басы, ұршық иіру шеберлік сабағы мен ұлттық спорттан сайыс өтті.

көрпе
Фото: Алтынай Сағындықова/Kazinform

 

Соңғы жаңалықтар