Ақтөбелік полицейлер көлік апаты бойынша куәгерлерді іздеп жатыр

АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Ақтөбе қаласы Қызылжар тұрғын алабында жүргіншіні көлік қағып, ол оқиға орнында қаза тапты. Қазіргі кезде полиция оқиға куәгерлерін іздеп жатыр.

Ақтөбе
Фото: Ақтөбе полициясы

Оқиға 27 қазан күні сағат 23:50 шамасында болған. Мемлекеттік нөмірі 839 ААJ 04 «Hyundai Sonata» маркілі автокөлігінің жүргізушісі Ақтөбе-Орск автожолынан Қызылжар тұрғын алабының орталық көшесіне қарай бағыт алады. «Котельная» аялдамасына қарама-қарсы жерде жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жол - көлік оқиғасында жаяу жүргінші оқиға орнында мерт болды.

- Оқиға орнында әйел көз жұмды. Қағып кеткен көлік иесі ешқайда қашпады. Қазір тергеу жүріп жатыр. Ақтөбе облысы полиция департаменті жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қылмыстық істі тергеу шеңберінде куәгерлерді іздейді. Жол-көлік оқиғасының куәгерлерінен 936-404, 936-408, 8-775-832-07-98 ұялы телефондарына немесе Ақтөбе облысы ПД анықтау басқармасы №404, 408 кабинетіне хабарласуларыңызды сұраймыз,- деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Еске салсақ, Ақтөбеде жаяу жүргіншілер жолында анасы мен баласын қағып кеткен жүргізуші сотталды. Жүргізуші 2 жылға бас бостандығынан айырылды.

Соңғы жаңалықтар