Ақтөбеліктердің медицина сапасына қанағаттану деңгейі – 58,6%

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров шалғай ауылдардағы аурухана тапшылығы қалай шешілетінін айтты,   деп хабарлайды Kazinform.

Ақтөбелік
Фото: Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

«Тұрғындардың медициналық қызметтер сапасына қанағаттану деңгейі болып отыр. Аталған мәселені шешу үшін денсаулық сақтау саласында нақты шаралар қабылданады. «Ауылдағы денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 29 денсаулық сақтау нысанын салу жоспарланған. Бұл бұрын заманауи медициналық нысаны болмаған 15 мың халқы бар шалғай ауылдарды қамтиды. Бүгінгі күні 3 нысан іске қосылды. Жыл соңына дейін тағы 5 объект пайдалануға беріледі. Қалған 21 нысан келесі жылы қолданысқа беріледі», - деді өңір басшысы.

Сондай-ақ ол Хромтау, Мұғалжар және Шалқар аудандарындағы 3 ауданаралық көпбейінді аурухана ашылатынын айтты.

«Бұл орталықтан 500-600 шақырымда орналасқан ауыл тұрғындарына жақын жерден сапалы медициналық көмек алуға мүмкіндік береді. Сонымен бірге жеке инвестициялар есебінен де ірі жобалар жүзеге асырылады. Ядролық медицина және томотерапия орталығы бар, батыстағы өңірлерді толық қамтитын Орхун Медикал көпсалалы клиникасы – соның бір мысалы. Марат Оспанов атындағы медициналық университет жанынан «Ренесанс» холдингімен бірлескен университет клиникасы салынады. Сонымен қатар Ақтөбе қаласында жылына 35 мыңнан астам науқас қабылдайтын 320 орындық көпбейінді облыстық аурухана ғимаратын күрделі жөндеуден өткіземіз», - деді әкім.

Соңғы жаңалықтар