Ақтөбенің әкімі мен мектеп директорлары ана туралы ән айтты

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде Халықаралық әйелдер күніне арналған бірнеше іс-шара өтті. Облыс әкімі медицина, педагогика саласының қызметкерлерін құттықтап, қала әкімі Ілияс Испанов ана туралы ән шырқады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбенің әкімі мен мектеп директорлары ана туралы ән айтты

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев бүгін педагогика және медицина саласының қызметкерлерін Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады. Мерекелік шара кезінде мектеп, колледж директорлары ана туралы ән шырқады.

«Мерекеге орай тың ұсыныс түсіп, білім саласындағы ер адамдардың бәрі арнайы хорға дайындалды. «Анаға сәлем» әнін орындап, әріптестерімізге сый жасадық. Хорда ән айту үшін 2-3 күн дайындық жүрді. Өз дирижеріміз де бар. Нәзік жанды әріптестерімізге сый жасап, өзіміз де тамаша әсерге бөлендік. Біздің әнімізге облыс әкімі Бердібек Сапарбаев та қосылды», - деді мектеп директоры Юрий Құрманов. 

Публикация от Ақтөбе обл. білім басқармасы (@bilim_akimat) Мар 6, 2018 в 12:27 PST

Өңір басшысы педагогтарды құттықтап, көпбалалы ұстаздарға алғыс хат, 100 мың теңгенің сертификатын табыс етті.

«Елбасы білім саласына үлкен көңіл бөледі. Мұғалімдердің жалақысын көтеріп, білім саласының материалдық-техникалық базасын нығайту оң жолға қойылған. Әрі бес әлеуметтік бастама жасап, Үкіметке, атқарушы билікке тапсырма берді. Қазақстанның дамуы білімді ұрпақта. Сіздер осы салада талмай еңбек етіп келесіздер», - деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.
null

Кейін өңір басшысы медицина саласының қызметкерлерін құттықтады. Бүгін Ақтөбе медициналық орталығының реаниматолог, кардио-реаниматологі пәтерлі болды. Екі дәрігер де адам өмірін сақтап қалуда аянбай еңбек етіп жүр.

«Ақтөбеге Екібастұз қаласынан келдім. Қызым Ақтөбедегі медициналық университетке оқуға түсіп, мен де ауруханадан шақырту алдым. Біз бір ауруханада үш маманбыз. Кезекпен жұмыс істейміз. Бұл пәтер мен үшін үлкен көмек болды. Жалақымыз да жақсы»,- деді деді Меруерт Қаббасова. Сонымен қатар, Айна Науқанқызы да пәтерлі болды. Халықаралық әйелдер күні ұзақ жыл бойы бір мекемеде жұмыс істеген фельдшер, отбасылық дәрігерлер мен лаборатория мамандары алғыс хат, отандық сауықтыру орындарына жолдама алды.

Айта кетейік, бүгін қала әкімі Ілияс Испанов та ақтөбелік қыз-келіншектерді мерекемен құттықтап, Ана туралы ән шырқады.

Сонымен қатар, 12 көпбалалы анаға Алтын алқа, Күміс алқа тапсырды.

nullnull