17:12, 29 Наурыз 2021 | GMT +5
Ақтөбенің бас санитар дәрігері «Миссис Ақтөбе» байқауын өткізгендерді жазалай алмай отыр
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбенің бас санитар дәрігері Нұрсұлу Беркімбаева тұрғындарды ұжымдық, отбасылық шаралардан бас тартуға шақырғанымен «Миссис Ақтөбе» байқауын өткізгендерді жазалай алмай отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
![None None](/static/img/plug.webp)
Ақтөбе облысы «сары» аймаққа кірген кезде Студенттер сарайында «Миссис Ақтөбе» байқауы ұйымдастырылды . Мұнда арақашықтықты сақтау, маска тағу талаптары өрескел бұзылған соң облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы мәдениет басқармасы мен мониторинг топқа сұраныс жіберді.
«Миссис Ақтөбе» конкурсына қатысты БАҚ өкілдерінен сұрақ түсті. Сұраққа байланысты монторинг топқа сұраныс жіберілді. Бірақ әлі күнге дейін шағым, арыз түскен жоқ. Бұл сұрақ әлі де ашық күйінде қалып отыр»,- деді Нұрсұлу Беркімбаева.