Ақтөбенің даму бағдары айқындалды - Үкімет

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Ақтөбе агломерациясын дамыту бағытын тиімді жүзеге асыруды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Алматы, Астана және Шымкент агломерацияларымен қатар Ақтөбе агломерациясын дамыту схемасы әзірленді. Ақтөбе агломерациясына Ақтөбе қаласы және облыстың 6 ауданының елді мекендері кірді (Алға, Қарғалы, Қобда, Мәртөк, Мұғалжар және Хромтау). Агломерациялау процестерін дамыту үшін агломерация өзегі Ақтөбе қаласында және халықтың тартылу орталықтарында халық санын ұлғайту қажет. Осы орайла шығыс бағытта - Хромтау қаласы; батыста - Қобда ауылы, солтүстік батыста - Мәртөк ауылы, оңтүстік бағытта - Алға және Қандыағаш қалалары. 2030 жылға қарай халық санының 1,5 есе артуы күтілуде. Жобада аумақтың ресурстық, минералдық шикізат және өндірістік әлеуетін ескере отырып агломерацияның өндіргіш күштерін перспективалы дамыту ұсынылды. 2030 жылға қарай жоғары технологиялық салалар, инновация, ғылым, сауда және қызмет көрсету салалары дамитын болады», - деді Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек.

Оның сөзіне қарағанда, өңірде құрылыс, тау-кен металлургия, машина жасау және медицина кластерлері, мұнай өңдеу және теміржол өнімдерін шығару бойынша кластерлер қарқынды дамитын болады. Ақтөбе қаласында индустриялық аймақты дамыту, Алға қаласында, Мұғалжар және Хромтау аудандарында индустриялық аймақтарды құру -  инвестицияны 2,3 есе арттыру мүмкіндігін береді.

Бұдан бөлек, агроөнеркәсіптік кешенді әртараптандыру, технологиялық қайта жарақтандыру және кластерлік дамыту 2030 жылға қарай асыл тұқымды ірі қара мал үлесін 15%-ға арттыру, ет өңдеу үлесін 15%-ға (34%-дан 49%-ға дейін) және сүт өңдеу үлесін 14%-ға (33%-дан 47%-ға дейін) ұлғайту (ет, сүт және жеміс-көкөніс кластерлерін, индустриялық-аграрлық аймақты дамыту) мал шаруашылығының жалпы өнім көлемін 3 есе (60,4 млрд. теңгеден 180 млрд.теңгеге дейін) арттыруға ықпал етеді.

«Халықтың мобильдігін арттыру, жүктердің еркін қозғалуын қамтамасыз ету үшін: Ақтөбе қаласының 63 шақырым айналма автомобиль жолын салу (Үлкен Оңтүстік және Батыс) салу; «Қандыағаш - Мақат» учаскесінде «Орталық - Батыс» дәлізін, «Ақтөбе - Атырау - РФ шекарасы (Астраханға)» («Ақтөбе - Қандыағаш» учаскесінде), «Ақтөбе - РФ шекарасы (Орскіге)» республикалық маңызы бар автожолдарды реконструкциялау көзделіп отыр. Облыстық маңызы бар 5 автожолды және аудандық маңызы бар 20 жолды күрделі жөндеу жоспарлануда», - деп нақтылады министр.

Өз кезегінде Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек пен Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевқа аталған дамыту схемасын тиімді жүзеге асыруды қамтасыз ету керектігін тапсырды.

Соңғы жаңалықтар