Ақтөбенің ең үздік медбикесі анықталды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Халықаралық медбикелер күні аясында Ақтөбеде үздік медбике анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбенің ең үздік медбикесі анықталды

12-мамыр - Халықаралық медбикелер күні. Ақтөбе медициналық орталығы мерекеге орай өз қызметкерлері арасында байқау ұйымдастырып, үздігін анықтады. Медбикелерді Ақтөбе медициналық орталығының директоры Рүстем Исаев құттықтап, емдеу-диагностика кезінде олардың еңбегі зор екенін атап өтті.

Медициналық орталықта өткен байқауға барлығы 23 медбике қатысты. Көпсалалы стационар бағыты бойынша І орынды кардиологиялық бөлімнің медбикесі Салтанат Төлеген алды. ІІ орында анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімінен Үкілімай Төрағали, ІІІ орында қабылдау бөлімінен Гүлшат Мұратова иеленді. Балалар стацинары бойынша І орынды бет-жақ хирургиясы бөлімінен Жания Қадырова, ІІ орынды кардиохирургия бөлімінен Жұлдызай Сақыбай, ІІІ орынды ота бөлімінен Дина Жайсаңова жеңіп алды.
null

Кеңес беру - диагностика орталығынан І орынды жалпы тәжірибе медбикесі Елена Слабоденюк, ІІ орынды травматология бөлімінен Мөлдір Бертілеу, ІІІ орынды күндізгі стационардан Еркінай Қадырбаева иеленді.
null

"Мереке қарсаңында перзентхананың аға медбикесі, 30 жылдық тәжірибесі бар Гүлмира Құлмағамбетова, эндокринология бөлімінде 32 жылдық еңбек өтілі бар Ақілгек Шаманова, акушер Тыныштық Аманғосова, Кеңес беру-диагностика орталығындағы кардиолог кабинетінің медбикесі Камила Аязбаева, учаскелік медбике Раиса Кударова, балалар стационарының аға медбикесі Гүлжиян Сапарова, хирургия бөлімінің аға медбикесі Айгүл Жапарова "Мейірім" медалімен марапатталды. Бәрі де 30 жылдан астам уақыт адал еңбек етіп, медицина саласында қызмет етті", - деді Ақтөбе медицина орталығы бас дәрігерінің орынбасары Ардақ Есенжолова.
null

Айта кетейік, барлығы 12 медбикеге алғыс хат берілді. Ақтөбе медициналық орталығының дамуына үлес қосқан медбикелер Ғалия Жалниязова, Жадыра Құрақбаева, Телек Сарбөпеева, Нұрзия Тоғжанова, Эмиля Өтепбергенова, Рауза Шигиршибаева да кәсіподақ және орталық басшылығы атынан марапатталды.
null null null null