Ақтөбенің кеденшілері 2012 жылы бюджет кірісіне 75 млрд. теңге құйды

АҚТӨБЕ. 21 ақпан. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысы бойынша кедендік бақылау департаментінде 2012 жылдың қорытындысы шығарылды.
None
None

Жыл қорытындысы бойынша кеден қызметі бюджеттің кірісіне 75 млрд. теңгеден астам қаражат құйды.

2011 жылдың сәйкес кезіңімен салыстырғанда бюджеттің кірісіне құйылған қаражат 6 млрд. 133 млн. теңгеге артты, өсім 8,9 пайызды құрады.

Осылайша, Ақтөбе облысы бойынша кедендік бақылау департаментінің әр қызметкері республика бюджетіне 377 млн. теңгеден қаражат құйды.

2012 жылы әкімшілік құқық бұзушылық жөнінде 132 іс және 29 қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар