Ақтөбенің Қобда ауданында бірнеше үй мен спорт мектебіне су кірді

Кеше сағат 17:50-де Қобда ауданындағы балалар және жасөспірімдер спорт мектебі маңына қар суы жиналғаны туралы ақпарат тараған. Оқиға орнына арнайы техника жіберіліп, құм толы қап жеткізілді. Алайда суды тоқтату мүмкін болмады.
«Оқиға орнында облыстық ТЖД штаб мүшелері мен облыс әкімдігінің өкілдері барды. Сағат 20:17-де қар суының ағыны күшейіп, 6 үйді су басты. Бұл үйлердің тұрғындары эвакуацияланды. Сонымен бірге дене шынықтыру -сауықтыру орталығын су басты. Қар суы Қобда ауданының Егіндібұлақ ауылына кірді. Дегенмен үйлер мен шаруашылықтарға қауіп төніп тұрған жоқ. Жергілікті әкімдік пен төтенше жағдайлар департаментінің өтініміне сәйкес Қобда ауылын тасқын судан қорғау және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін республикалық маңызы бар «Самара-Шымкент» тасжолының 613 шақырымындағы учаскесін қазу туралы шешім қабылданды. Жол бөлігін қазу жұмыстары басталды. Өңірде су тасқыны қаупі сейілгеннен кейін жол қалпына келтіріледі. Қазіргі кезде Шұбарқұдық-Ойыл-Қобда-Соль-
Еске салсақ, Ақтөбеде Байғанин ауданында жолды су шайды.
Кейін Ойыл ауданында жолды су басты.