Ақтөбенің құрылыс бөлімінің бастығы қызметіне Асқар Уәли тағайындалды

Асқар Уәли 1972 жылы дүниеге келді. Жоғары білімі бар, Алматы теміржол көлігі инженерлері институтын тәмамдады, мамандығы - жол қатынастары инженері, құрылысшы.
Монтер, бригадир, Қандыағаш жол дистанциясы учаскесінің бастығы, Батыс Қазақстан темір жолы ӨТБ-нің бастығы, «ЖелДорСтрой» ААҚ филиалының бас инженері, «Мостоотряд №2» ЖШС-нің бас инженері, «ЖелДорСтрой» ААҚ Ақтөбе филиалының бас менеджері, «ЖелДорСтрой» ААҚ Хромтау филиалы учаскесінің бастығы, «Фанкор-Ақтөбе» ЖШС-нің бас инженері, «Ақтөбе облысының құрылыс департаменті» ММ бөлім бастығы, «Ақтөбе облысының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ бөлім бастығы болып жұмыс істеді.
Аталған қызметке тағайындалуға дейін «Ақтөбе облысының құрылыс басқармасы» ММ-нің бөлім бастығы болып жұмыс атқарды.