Ақтөбенің құтқарушылары шалғай ауылдағы иіс тиіп зардап шеккендерді орталықтағы ауруханаларға жеткізді

Алайда жолды қар басып қалуына байланысты оларды ауруханаға жеткізуге мүмкіндік болмады. Ауылға жол таңдамайтын көлікпен жеткен құтқарушылар зардап шеккен 4 адамды Маржанбұлақ ауылының бойындағы тас жолға жеткізді. Одан әрі олар апаттар медицина орталығы және «103» бригадаларының көмегімен Ақтөбе қаласының медициналық мекемелеріне жеткізілді.
Дәл осы күні кешке Байтурасай ауылында 63 жастағы әйел адамның жүрегі ауырған. Оған жедел медициналық көмек қажет болды. Алайда жедел жәрдем жолдың қар басып қалуына байланысты елді мекенге жете алмады. Олардың орнына облыстық ТЖД-ның «Жедел құтқару жасағы» құтқарушылар тобы жіберілді. Науқас Мәртөк ауданының ауруханасына жеткізілді. Жол бойында құтқарушылар Байтурасай ауылынан Мәртөк ауылына жаяу шыққан 2 адамды көлікке отырғызып аудан орталығына жеткізіп салды.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, облыста авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде жол бойында қалып қойған немесе шалғайдағы елді-мекеннен орталыққа жете алмаған 38 адам эвакуацияланды, оның үшеуі бала. Қар құрсауынан 12 көлік шығарылды.