Ақтөбенің орталық саябағында құлаған шырша қайта орнатылады

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде Тұңғыш Президент атындағы орталық демалыс және мәдениет саябағында тұрған шырша құлады. Алайда металл қаңқалар дәнекерленіп, шырша қайта орнатылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.  
None
None

Ақтөбе қаласындағы Жаңа жылдық кештер мен мәдени шаралар өтетін орында шырша жоқ. Түнде қатты желдің салдарынан шайқалып, жасанды шыршаның темір қаңқасы сынып кеткен. Қалалық әкімдік бұл жұмысты басқарушы компанияға тапсырды.

«Шыршаның ұзындығы - 18 метр. Орталық саябақтағы шыршаны қайта қалпына келтіру үшін 2-3 күн қажет. Қазір дәнекерлеу жұмыстары жүріп жатыр. Кейін бәрі қалпына келтіріліп, шамдары жағылады»,- деді Ақтөбе қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің сектор меңгерушісі Хасен Юсупов.
null 

Айта кетейік, 30 желтоқсан күні саябақта Аяз ата мен Ақшақарлар байқауы өтеді. Сонымен қатар, мұнда мұз мүсіндер жасалып жатыр. Ал 31 желтоқсанда түні бойы мерекелік қойылым, музыкалық шоу өтіп, жаңа жылдық құттықтаулар айтылады деп жоспарланған. 

 

 

Соңғы жаңалықтар