Ақтөбенің өз «Арбаты» пайда болады

- Ақтөбеде Конституция күніне орай кәсіпкерлерге арналған «Байланыс және серіктестік. Маркетингтегі нетворкинг» атты 2 күндік семинар өтті. Ол Израильдік «МАШАВ» халықаралық ұйымымен бірлесе ұйымдастырылды. Семинар қорытындысы бойынша кәсіпкерлер білімін шыңдап қана қоймай, «МАШАВ» бағдарламасы бойынша Израильде оқу және сынақтан өту ниетін білдірді. Дәріс оқушы Наташа Мазор ақтөбеліктердің мүмкіндігі зор екенін және семинар ойдағыдан жақсырақ өткенін атап өтті, - деді А.Даржанова.
Семинардан соң дәріс оқушы мен Израиль елшілігінің өкілі қала әкімі Ерхан Омаровпен кездесті. Кездесуде ақтөбелік қолөнер шеберлері қалада қолөнер бұйымдары сатылатын шағын алаң ашу мәселесін көтерді.
- Шағын бизнестің «hand made» бағытының мүмкіндігі мол әрі әлемде оны жақсы бағалайды. Қала әкімі шаһарға жергілікті шеберлердің жұмыстары саудаға қойылатын орталықтың қажет екенін мойындады, - деп атап өтті А.Даржанова.