17:47, 12 Қазан 2012 | GMT +5
Ақтөбенің зираттарында мәрмәрдан жасалған құлпытастарды қиратқан азғындар іздестірілуде
АҚТӨБЕ. 12 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін ішкі істер органдарына Береговая көшесінің бойында орналасқан зиратта белгісіз біреулер мәрмәрдан жасалған құлпытастарды қиратты деген ақпарат келіп түсті, деп хабарлады ІІД-нің баспасөз қызметі.

Оқиға орнына құрамында қылмыстық іздестіру, тергеу және сараптама-криминалистік қызметтің қызметкерлері бар Ақтөбе қаласы ІІБ жедел-тергеу тобы жетті. Оқиға орнынан бірнеше сынған мәрмәр плиткалары тәркіленді.
Қосымша тексеру амалдарының барысында анықталағандай, қабірлерді азғындау актісі түнгі уақытта, соңғы екі күн ішінде жасалған.
Қазіргі уақытта бұл факті бойынша Ақтөбе қаласы ІІБ- ның қызметкерлері кінәлілерді анықтау және ұстау бойынша жедел-іздестіру шараларын жүргізуде.
ҚР ҚК-нің 258 бабы «Тағылық» бойынша қылмыстық іс қозғау мәселесі шешілуде. Оқиғаның анық-қанығы анықталуда.
Бұл фактіні Ақтөбе қаласы бойынша ІІБ-ның басшысы жеке бақылауға алды.