Ақтөбенің аудандарында қоқыс полигоны неге салынбай жатыр

АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Полигон салуға кем дегенде 600-700 млн теңге қажет. Бұл бюджетке үлкен салмақ болып тұр.

а
Фото: Ботакөз Кенжеханқызы / Kazinform

Ақтөбе облысында 15 орынға ғана полигон статусы берілген. Олар Ақтөбе қаласында және Алға, Хромтау, Шалқар, Мәртөк, Қобда, Байғанин мен Темір аудандарында орналасқан. Ақтөбе облыстық Табиғи ресурстарды реттеу және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының хабарлауынша, оның 8-і коммуналдық, біреуі жеке меншік және алтауы вахталық кенттерді қамтамасыз ететін және тұрғындардан қатты тұрмыстық қатты қалдық қабылдайтын жер қойнауын пайдаланушылар полигоны. Ал өзге елдімекендерде қалдық көмуге арналған орындар бекітілгенімен, арнайы статусы жоқ.

- Полигон құрылысы қымбатқа түседі. Аудан орталықтарының жобасына 600-700 млн теңге қажет. Сондықтан Экология министрлігінде шағын елдімекендерге полигон салу талаптарын оңтайландыру жұмысы жүріп жатыр. Аудан орталықтарынан бөлек елдімекендер де бар. Оларға да полигон керек. Талап өзгерген соң жоба жасалып, салынады деген жоспар құрып отырмыз, - деді Ақтөбе облыстық Табиғи ресурстарды реттеу және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Исатай Еспағанбетов.

Айта кетейік, Ақтөбеде елдімекендердің бес пайызында ғана заңдастырылған қоқыс полигоны бар. Бадамша, Шұбарқұдық, Ырғыз, Ойыл, Т.Жүргенов, Қарабұтақ ауылдарына жаңа полигон салу үшін жоба әзірленіп жатыр. 

Соңғы жаңалықтар
Референдум