Ақтөбенің бірнеше ауданында жаңбырдан соң су жүрді
Ақтөбе облысының Шалқар, Мұғалжар, Байғанин, Ырғыз аудандарында жаңбырдан соң су жүрді. Кейбір ауылға кезекшілік қойылды, деп хабарлайды Kazinform.
Қазіргі уақытта Мұғалжар ауданының Жағабұлақ ауылына кезекшілік қойылды.
«Жаңабұлақ ауылында 250 үй бар. Үйлерге еш қауіп жоқ. Дегенмен кезекшілік қойылып, судың жүру арнасы тазартылды», - деді Мұғалжар ауданының әкімі Дархан Ермағамбетов.
Сонымен бірге Байғанин ауданының орталығы Қарауылкелді ауылында да су жүрді.
«Ауылдағы қорымға баратын өткел бұл. Ауыл ішіне су кірмеді», - деді Байғанин ауданының әкімі Айбек Көпенов.
Ал облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 28 желтоқсан күні Шалқар ауданы Бершүгір ауылында жауын-шашынның көп түсуіне байланысты Бершүгір-Шалқар айналма жолына еріген қар суы жиналды. Еріген су далаға қарай ағып жатыр. Елді мекендерге қауіп жоқ.
Посмотреть эту публикацию в Instagram