Ақтөбенің Хромтау ауданында із-түзсіз кеткен ер адамның денесі табылды
АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Ақтөбенің Хромтау ауданында ер адамның денесі табылды. Қазір осы іске қатысты тергеу жүріп жатыр.
Хромтау ауданындағы кісі өлімінен соң полиция тергеуді бастап, қылмыстық іске қатысы бар деген күдікпен екі адамды ұстады.
– Хромтау қаласында мәйіттің табылу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тергеу барысында екі адам анықталып, ұсталды. Қазіргі уақытта сот 2 ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шараларын санкциялады. Іс бойынша барлық сараптамалар тағайындалды, тергеу жалғасып жатыр, - деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі.
Полиция ер адамды бөлшектеп тастады деген ақпаратты растамады, жоққа да шығармады.
Еске салсақ, Ақтөбеде дәрігерді зорлап, пышақтап өлтірген сотталушы 22 жылға бас бостандығынан айырылды.