Әл-Фарабидегі жол апатының соты: полиция басшылығының қызметтік көлігі туралы дерек айтылды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Әл-Фараби даңғылында болған жол-көлік оқиғасына қатысты сот отырысы өтті.

с
Фото: Мақсат Шағырбаев / Kazinform

Бүгін сот отырысында іс бойынша куәгердің тергеу кезіндегі жауаптары оқылды. Жазылған хаттамадағы мәліметке сәйкес, куәгер қалалық полиция департаменті бастығының бұрынғы орынбасары Ержан Ұзабаевтың жүргізушісі болып қызмет атқарған. Ол оқиға кезінде ведомстволық Hyundai Palisade көлігінің басқарған. Жол апаты болған түні ол сау болғанын айтқан және мейрамханадан шыққанда қос тұтас сызық кесіп бұрылған.

Әл-Фараби даңғылында сотталушы Пак айдаған Zeekr оны басып озып, шамамен 200 метрге ұзап кеткен. Кейін куәгер жолда шаң көтерілгенін көріп, жол апаты болған орынға айналып барған. Ол сотталушы ауруханаға жеткізілгенге дейін алғашқы көмек көрсеткен.

Куәгер жауабына жол апатынан кейін оның қызметтік көліктегі жедел мемлекеттік нөмірлерді ауыстырып тастағаны жазылған. Жауап алушы жеке автокөлігі болмағандықтан, қызметтік көлікті жеке мақсатына пайдаланғанын мойындады. Ол бұл әрекеттің басшылық хабарсыз болған өрескел заң бұзушылық екенін атап өтті.

Аталған куәгер басқа қылмыстық іс бойынша күдікті деп танылған.

Еске салайық, 2026 жылғы 21 наурызға қараған түні Zeekr көлігінің жүргізушісі Әл-Фараби даңғылының бойымен келе жатып, қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, Mercedes автокөлігімен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан Mercedes көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында қаза тапты.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Іс бойынша сот отырысында жәбірленушілер Александр Пакке кешірім берді.

Сондай-ақ Әл-Фарабиде даңғылында болған жол апатының бейнежазбасы сотта көрсетілді.

Бірнеше куәгер сотта жаңа деректермен бөлісті.

Сондай-ақ сотта 32 жастағы айыпталушы Александр Пактан жауап берді.

Бүгін Әл-Фарабидегі жол апаты бойынша сотта іске жаңа жәбірленуші қосылды.