Алакөлдің туристік және инвестициялық әлеуеті жоғары – Берік Уәли

АСТАНА. KAZINFORM — Биыл Алакөлдің инфрақұрылымына жергілікті бюджеттен 1 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы өңір әкімі Берік Уәли мәлім етті. 

Алакөл
Фото: Талғатжан Мұхаметбекұлы/Кazinform

— Президенттің тапсырмасына сәйкес облыста туристік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған ауқымды жобаларды жүзеге асыру жалғасады. Соның бірі Алакөл жағалауының туристік және инвестициялық әлеуеті жоғары. Жылдар бойы қордаланған, әсіресе инфрақұрылымға қатысты проблеманы бір маусымда ғана шешу әрине мүмкін емес. Дегенмен, Алакөл жағалауында демалушылар үшін қолайлы жағдай жасап, оның инфрақұрылымын дамыту бойынша нақты шаралар қабылданды, — деді Берік Уәли орталық коммуникациялар қызметі алаңында өңірдің 9 ай ішіндегі әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп бере тұрып.

Облыс әкімінің есебінше, биыл Алакөлдің инфрақұрылымына жергілікті бюджеттен 1 млрд теңге бөлінді.

— Көл жағалауындағы Қабанбай ауылында құтқару станциясы және өрт сөндіру депосының құрылысы басталды. Қазір туристік аймаққа жаңа электр желісін тарту, қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын салу бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Барлық жұмыс жоспарға сәйкес жүзеге асырылды, — деп толықтырды Берік Уәли.

Жыл соңында дейін Абай облысында 255 жұмыс орнымен қамтитын 7 жоба жүзеге асырылады

Соңғы жаңалықтар