Алан Құрманғалиев жастар арасында әлем чемпионатының 1/4 финалына өтті

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық Алан Құрманғалиев үстел теннисінен Клуж-Напокеде (Румыния) өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында жартылай финал жолдамасы үшін бақ сынайды.

Алан Құрманғалиев
Фото: ҚР ҰОК

Спортшы аралас жұптық сында Мысыр өкілі Хана Годамен бірге өнер көрсетіп, ширек финалға өтті. ҚР ҰОК мәліметінше, олар 1/8 финалда жапониялық Казуки Ёшияма/Юна Оджио жұбынан басым түсіп, кездесуді 3:2 есебімен аяқтады.

Ширек финалда Құрманғалиев пен Года қытайлық Ли Хэчэн/Цинь Юйсюань жұбына қарсы ойнайды.

Айта кетейік, Алан Құрманғалиев U19 жас санатында өнер көрсетеді.

Алан Құрманғалиевтің алғашқы қарсыластары белгілі болғанын жазған едік.

 

Соңғы жаңалықтар