Алатау ауданындағы индустрияландыру аймағы 20 мың адамды жұмыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді - Алматы қаласының әкімі

АЛМАТЫ. 20 ақпан. ҚазАқпарат - Алатау ауданында құрылатын индустриялық аймақтың инженерлік құрылымын қамтамасыз етуге 2 млрд. теңге бөлінді. Бұл туралы бүгін Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімовтің тұрғындармен есептік кездесуінде айтылды.
None
None

«Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы және Индустрияландыру картасы аясында қалада жалпы көлемі 540,4 млрд. теңгенің 31 жобасы жүзеге асырылуда. Ал «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын іске асыру барысында 152 кәсіпорын 5,8 млрд .теңге көлемінде мемлекеттік көмек алды», - дейді Ахметжан Есімов.

Шаһар басшысының айтуынша, Алатау ауданында құрылатын индустриаландыру аймағы кәсіпорындардың техникалық жарақтануына және озық технологиялық өнідіріс орындарын қалыптастыруға ықпал етпек. Сондай-ақ 20 мың адамды жұмыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қазір Алатау инновациялық технологиялар паркінде 150 инновациялық компания жұмыс жасауда. 2011 жылдың мамыр айында оның саны 38 ғана болатын.

Соңғы жаңалықтар