Алаяқ әйел шымкенттіктерден 130 миллион теңге жымқырған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шымкент қ. ІІБ полицейлері қала тұрғындарын 130 миллион теңгеге сазға отырғызып кеткен күдікті әйелді ұстады. 34 жастағы Шымкент тұрғыны шамамен 50 азаматқа қатысты алаяқтық әрекет бойынша айыпты деп танылды, деп хабарлады ОҚО ІІД баспасөз қызметі.
None
None

Тергеудің анықтауынша, алаяқ «Нұрсәт» шағынауданынан пәтер алуға көмектесемін деп зардап шегушілердің сеніміне кірген және шамамен 130 миллион теңге ақшалай қаражат жинаған. Аталған факт бойынша, ҚР ҚК 190-бабы («Алаяқтық») бойынша қылмыстық іс қозғалды.  

Қазіргі уақытта айыпкер әл-Фараби аудандық сотының үкімімен 6 жарым жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, 2016 жылдың 10 айында Шымкент қ. ІІБ 3 мыңға жуық алаяқтық фактісін тіркегені хабарланды. Оның ішінде полиция 443 қылмысты ашты. 90-нан астам күдікті қылмыстық жауапкершілікке тартылды.  

Соңғы жаңалықтар