Алаяққа алданған ақтөбелік 13 млн теңгесінен айырылды

None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбенің Алға қаласының тұрғыны өзін тергеушімін деп таныстырған адамға алданып қалды. Ол 13 млн теңге ақшасынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысында интернет алаяқтарына алданып, полициядан көмек сұрап жатқан адамдар бар. Алға қаласының тұрғынына белгісіз біреу қоңырау шалып, өзін Астана қаласындағы тергеушімін деп таныстырған. Кейін жәбірленушінің атына несие рәсімдеп, банк менеджерінің нұсқауларын орындауды сұраған. Нәтижесінде бірнеше минуттан кейін менеджер қоңырау шалып, SMS-хабарлама кодын беруін өтінеді.

«Алаяқтар 13 млн теңгеден астам қаражатты иемденген.

Ақтөбе облысының Полиция департаменті банк немесе полиция қызметкерінен осындай қоңырау келіп түссе, толық ақпаратты нақтылау үшін банкке хабарласу керек. Полиция да, банк қызметкерлері де ешқашан банктік шоттар немесе жеке деректерді сұрамайды. Осындай жағдайға тап болған адам дереу банкке қоңырау шалып, шотты бұғаттау керек. Сонымен қатар жақын маңдағы полиция бөліміне хабарласуыңыз қажет», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Айта кетейік, мұндай оқиға түрлі сипатқа ие. Ақтөбелікке белгісіз ер адамға қоңырау шалып, өзін банк қызметкері деп таныстырған. Несие рәсімдеуге сұраныс беріп жатқанын айтып, Any Desk қосымшасын жүктеуді және SMS-кодты хабарлауды ұсынған. Осылайша, алаяқ жәбірленушінің 1 000 000 теңге көлеміндегі ақшасын иемденген. Аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар