Алаяқтар кесірінен қазақстандықтарға 11 млрд теңге шығын келген
Биыл 13 700-ден астам интернет-алаяқтық тіркеліп, салдарынан 13,5 мыңнан астам адам зардап шекті. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Парламентте айтты, деп хабарлайды Kazinform.

Оның айтуынша, зардап шеккендердің 70%-ы қала тұрғындары, қалған 30%-ы ауыл тұрғындары. Олардың арасында әлеуметтік жағдайы әртүрлі – бюджеттік сала қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер, зейнеткерлер, жеке кәсіпкерлер және басқалар бар.
«Азаматтарға келтірілген жалпы шығын – 11 млрд 355 млн теңге. Қабылданған шаралар нәтижесінде 2,5 мың түрлі интернет-алаяқтық жасаған 521 адам ұсталып, қылмыстық жауапқа тартылды. Жәбірленушілерге 523 миллион теңге көлемінде шығын өтелді», - деді Қаржы министрі.
Сонымен бірге азаматтарға онлайн-кредиттер мен қарыздарды рәсімдеуге, олардың банк жинақтарын ұрлауға байланысты интернет-алаяқтықтарды шетелдіктер жасайды. Олар жасаған 9 мыңға жуық қылмыстан азаматтарға шамамен 7 млрд теңге залал келген, оның ішінде 5,8 млрд теңге кредиттер мен қарыздар түрінде рәсімделген.
Айта кетейік, бүгін Мәжілісте «Халықтың шамадан тыс кредит алуын азайту және қаржылық сауаттылықты арттыру» тақырыбында Парламент тыңдауы өтті.
Қарыз алушылардың құқығын қорғауды күшейту бойынша заңнамалық түзетулер пысықталып жатыр.