Алаяқтардың қылмыстық тобы 22 млн. теңге көлемінде заңсыз несие алған - Ақтөбенің қаржы полициясы

АҚТӨБЕ. Мамырдың 25-і. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Ақтөбелік қаржы полиция қызметкерлері қылмыстық топ құрып, 22 млн. теңгеден астам көлемде заңсыз банктік несие алған ақтөбелік азаматшаға қатысты қылмыстық істің тергеу жұмыстарын аяқтады.
None
None

Ақтөбелік қаржы полициясы баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, 5 адамнан тұратын қылмыстық топ 2005 жылдың қарашасында құрылып, 2006 жылдың наурызына дейін жұмыс істеп келген.

Жедел-тергеу шаралары барысында бұл топтың жылжымайтын мүлікке жалған құжат жасап, екінші деңгейдегі банктерден - «Каспий Банкі» АҚ «Көкжар» филиалынан 19,1 млн. теңге және «Темірбанк» АҚ банкінен 3,8 млн. теңге көлемінде несие алғандығы анықталған. Алаяқтар кепілдік ретінде басқа банктерге кепілдікке қойылып қойған 2 бөлмелі пәтердің, дүкен мен жер телімінің жалған құжаттарын ұсынған.

№2 соттың үкімімен қылмыстық топтың басшысы ҚР ҚК 235 бабы, 1 тармағы (қылмыстық топты құру, оны басқару), 177 бабы, 3 тармағы, «а,б» тармақтары (алаяқтық) бойынша кінәлі деп танылды, оның мүлкі тәркіленіп, 5 жыл бас бостандығынан айырылды.

Топтың басқа төрт мүшесі ҚР ҚК бойынша кінәлі деп танылып, 5-6 жылға бас бостандықтарынан айырылды. Сонымен қатар, айыпталушылардан зардап шеккендердің пайдасына келтірілген залалдың ақшасын өндіруге шешім қабылданды.

Соңғы жаңалықтар