Алаяқтық жолмен 96 млн теңгені жымқырған ақтөбелік 6 жылға сотталды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе қалалық сотында Анжела Арутюноваға қатысты қылмыстық іс қаралды. Ол 2015-2016 жылдар аралығында «арзан үй алып берем» деп бірнеше адамның ақшасын алып, өз пайдасына жұмсады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Анжела Арутюнова балабақшада психолог болып жұмыс істеп жүріп, бірнеше адамның сеніміне кірген. Ол 2015-2016 жылдары «арзан үй алып берем» деп бірнеше адамның ақшасын алып, кейін өзі Ресейге кетіп қалған. Сотталушы Ресейден Ақтөбеге жеткізіліп, Қылмыстық кодекстің «Алаяқтық» бабы бойынша сот алдында жауап берді.

«Сот отырысы кезінде сотталушы А.Арутюнованың 9 адамды алдап, олардың 96,6 миллион теңгесін иемденгені анықталды. Оқиға 2015-2016 жылдар аралығында болды. Сот шешімімен сотталушы А.Арутюнова Қылмыстық кодекстің «Алаяқтық» бабы бойынша айыпты деп танылып, 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ол жазасын қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа түзету мекемесінде өтейді. Жәбірленушілердің азаматтық арызы қанағаттандырылып, сотталушыға 96,6 миллион теңге көлеміндегі шығынды толық өтеу міндеттелді», - деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар