Алдағы 3 жылда 17 млн гектар жердің құнарлылығы тексеріледі

АСТАНА. KAZINFORM – Ел аумағында 17 млн гектар алқаптың топырағы туралы деректер ескірген. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғаринның Мәжіліс депутатының сауалына жолдаған жауабында айтылған.

тыңайтқыш
Фото: freepik.com

- Қазір топырақ бонитеті туралы өзекті деректері бар жердің жалпы ауданы 59,1 млн га болады. 2026-2028 жылдары шамамен 17 млн га аумақта топырақ бонитетін өткізу жоспарланып отыр, - дейді Серік Жұманғарин.

Қазір Мәжілісте «Топырақты қорғау туралы» Заң жобасы талқыланып жатыр.

- Осы заң жобасының нәтижелері бойынша әдістеме қайта қаралып, жетілдіріледі, - деп жазылған жауапта.

Бұған дейін Шығыс Қазақстан облысындағы өнеркәсіп нысанында топырақ ластанғанын жазған едік.

Павлодар облысында 1,5 млн гектар жердің топырақ қабаты зерттелді.

 

Соңғы жаңалықтар