Алдағы күндері 34 градусқа дейін ысиды

АСТАНА. KAZINFORM — Республиканың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады: жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

цветы, погода, лето, весна, көктем, жаз, ауа райы, гүлдер
Фото: Александр Павский / Kazinform

Оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында түнгі уақытта жаңбыр аралас қар жауады. Кей жерлерде бұршақ жауып, екпінді жел соғуы мүмкін. Түнгі және таңғы уақытта тұман күтіледі.

Жауын-шашынсыз ашық ауа райы солтүстік және орталық облыстарда бүкіл кезең бойы, оңтүстік облыстарда 28-29 сәуірде, шығыс облыстарда 29-30 сәуірде күтіледі.

Республиканың оңтүстік-батысында және оңтүстігінде шаңды дауыл болжанады.

Түнгі және таңғы уақытта республика бойынша тұман болады.

Батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста, сондай-ақ 28-29 сәуірде елдің орталығында түнгі уақытта 3°С-қа дейін үсік жүреді деп күтіледі.

Күндіз республика бойынша ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды:

батыста +15...+20°С дейін,
солтүстік-батыста +17...+25°С дейін,
солтүстікте +21...+26°С дейін,
орталықта +21...+30°С дейін,
шығыста +19...+27°С дейін,
оңтүстікте +25...+34°С дейін,
оңтүстік-шығыста +22...+27°С дейін.

Айта кетелік ауа температурасы -2°C дейін төмендеп, үсік жүретіні туралы жазған едік

Соңғы жаңалықтар