Алдағы күндері аяздың беті қайта ма
АСТАНА. KAZINFORM — Кең циклон Қазақстан аумағының басым бөлігінде өз ықпалын сақтайды. Осыған байланысты қар жауып, боран соғып, елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, көктайғақ болып, таулы аймақтарда боран болады.
18 желтоқсанда қарлы жауын-шашын күшейеді.
Республиканың басым бөлігінде желдің екпіні 15–20 м/с, кей жерлерде 23–28 м/с жетеді. Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында түнгі және таңғы уақытта тұман болуы ықтимал.
-
Елдің батыс өңірлерінде түнде температура -3…-18°С-тан -0…-5°С-қа дейін көтеріледі, күндіз негізгі фон -5°С…+3°С болады.
-
Солтүстік-батыс аймақтарда түнде температура -7…-23°С-тан -0…-15°С-қа дейін, күндіз -3…-15°С-тен -0…-5°С-қа дейін өзгереді.
-
Солтүстік және орталық өңірлерде түнде -15…-23°С-тан -5…-15°С-қа дейін, күндіз -10…-18°С-тен -3…-8°С-қа дейін болады.
-
Шығыс өңірлерде түнде -12…-28°С-тан -7…-20°С-қа дейін, күндіз -7…-18°С-тен -5…-15°С болады.
-
Елдің оңтүстігінде түнде -3…-20°С-тан -3…-12°С-қа дейін, күндіз негізгі фон -0…-8°С болады.
-
Оңтүстік-шығыста түнде және күндіз негізгі температуралық фон 0…-5°С, таулы аймақтарда -8…-13°С болады.
Айта кетелік ШҚО-да боран мен көктайғаққа байланысты екі жолда көлік қозғалысы шектелген еді.