Алдағы күндері аяздың беті қайтады
АСТАНА. KAZINFORM – Алдағы үш тәулік ішінде Қазақстан аумағының басым бөлігі кең ауқымды антициклонның ықпалында болады, соның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болады.
Тек елдің батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлері атмосфералық фронтальды бөлімдердің ықпалында қалып, соның әсерінен жаңбыр мен қар жауып, боран, соғып, көктайғақ болады.
Түркістан облысының таулы аймақтарында 31 қаңтарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады. Республика бойынша тұман түсіп, желдің күшейеді.
Ауа температурасына келетін болсақ, республиканың барлық аумағында біртіндеп жоғарылау байқалады.
31 қаңтар күндіз ауа температурасы батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде –5°С-тан +5°С-қа дейін, ал солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста және елдің орталығында –2°С-тан –10°С-қа дейін жетеді.
Айта кетелік бүгін ауа райы бұзылып, екі облыста жол жабылған еді.