Алдағы күндері елімізде -40°С-қа дейін аяз болады

АСТАНА. KAZINFORM – 2026 жылғы 15–17 қаңтар аралығында Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасының төмендеуі күтіліп отыр. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК синоптиктері хабарлады. 

Алдағы күндері елімізде -40°С-қа дейін аяз болады
Фото: Александр Павский/Kazinform

Метеорологиялық болжамға сәйкес, ел аумағындағы ауа райына жаңа антициклон әсер етеді. Атап айтқанда республика бойынша температураның күрт төмендеуіне себеп болады.

15 қаңтарда солтүстік пен шығыс өңірлерінде түнгі ауа температурасы -30…-40°С дейін төмендейді. Ал оңтүстік аймақтарда түнгі температура -5…-13°С, оңтүстік-шығыста -8…-17°С, таулы аудандарда -20…-25°С шамасында болады. 

Сонымен қатар 15–16 қаңтарда Қазақстанның оңтүстігінде қар жауады, боран соғып, көктайғақ болады.

16–17 қаңтарда оңтүстік-шығыс өңірлерде қалың қар жауып, боран, тұман және көктайғақ күтіледі.

Осыған дейін 14 қаңтарда елдегі қай жолдарда қозғалыс тәртібі өзгергенін жазғанбыз. 

Соңғы жаңалықтар