Алдағы күндері температура төмендейді

АСТАНА. KAZINFORM —  Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальді бөліктердің өтуімен ауа райының тұрақсыз болады. 

голуби, зима
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Жаңбыр және қар түріндегі жауын-шашын болады. Елдің солтүстік, шығыс және орталық өңірлерінде жаяу бұрқасын жүреді. Республика бойынша тұман, көктайғақ болжанады.

Жаңа Жер аралдары ауданынан республиканың батысына арктикалық антициклон келіп, республика аумағы арқылы өтеді, соның әсерінен ауа температурасы айтарлықтай төмендейді. 

Осылайша, 8 желтоқсанда солтүстік-батыста 5–13 градус аяз, солтүстікте 10–15 градус аяз, әрі қарай температура төмендей береді. 

Бүгін елдің басым бөлігін тұман басатынын жазған едік

Соңғы жаңалықтар