Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады
АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» РМК синоптиктері республика бойынша 21, 22 және 23 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Кейбір күндері елдің солтүстігінде және оңтүстік бөлігінде атмосфералық фронттың өтуіне байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болып, жел күшейеді, ал елдің оңтүстігінде күндіз найзағай болады.
Республика бойынша тұман және көктайғақ болжануда. Қалған аумақтарда жауын-шашынсыз ауа райы болады.
Күндізгі ауа температурасы батыс өңірлерде +12…+17°С дейін, Маңғыстау облысында +18…+23°С дейін, солтүстік және республиканың орталық бөлігінде +3…+8°С шамасында, Ұлытауда +15…+20°С дейін, шығыста +5…+15°С, оңтүстікте +20…+25°С, оңтүстік-шығыста +15…+23°С дейін көтеріледі.
Айта кетелік Алматы маңында сирек кездесетін құртқашаш гүлдеген еді.