15:26, 22 Желтоқсан 2025 | GMT +5
Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады
АСТАНА.KAZINFORM — Алдағы бірнеше күнде Қазақстан аумағындағы ауа райын батыстан шығысқа қарай жылдам ығысатын циклон қалыптастырады.
Циклонның әсерінен қар жауып, бұрқасын болып, жел күшейеді, ал батыс өңірлерде көктайғақ болады.
Алайда 25 желтоқсанда циклонның орнын суық ауа массасы алмастырады. Соның салдарынан түнгі уақытта елдің батысында ауа температурасы 20–25 градус аязға, ал солтүстігінде 23–28 градус аязға дейін төмендейді.
Тек республиканың оңтүстігінде салыстырмалы түрде жылы ауа райы сақталады, күндізгі уақытта ауа температурасы 2–7 градус жылыға дейін көтеріледі.
Айта кетелік 22 желтоқсанда еліміздегі қай жолдарда қозғалыс шектелген еді.