21:05, 30 Шілде 2015 | GMT +5
Алдағы күндері еліміздің кей өңірлерінде 45°C ыстық күтіледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алдағы күндері республикамыздың бірқатар аймақтарында қатты ыстық болады, деп хабарлайды ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінен.

31 шілдеде күндіз Атырау облысының басым бөлігінде, 1-2 тамызда кей жерлерінде 40-42°C дейін өте қатты ыстық күтіледі.
Ал 1 тамызда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде ауа температурасы 42°C дейін көтеріледі. Сондай-ақ 1-2 тамызда Ақтөбе, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде өте қатты ыстық - 41-45°C болады. 2 тамызда Қарағанды облысының кей жерлерінде - 41°C ыстық.