Алдағы үш жылда ғылымды дамытуға қанша қаражат бөлінеді

«Республикалық бюджет жобасы шеңберінде ғылымды дамытуға жалпы сомасы 6,4 млрд теңге шығыстар көзделген. Ол үшін 2023 жылы - 1,5, 2024 жылғы - 2,4 және 2025 жылы - 2,4 млрд теңгеден астам қаражат бөлінеді. Ол 77 ғылыми-техникалық қызмет субъектісін, іргелі ғылыми зерттеумен айналысатын 8 ұйымды және мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама жүргізуді қаржыландыруға бағытталады. Сондай-ақ, бұл қаражат есебінен 751 жетекші ғалымның жалақысы төленеді», - деп көрсетілген Қаржы министрлігі ұсынған құжатта.
Бюджет жоспары аясында ғалымдарға мемлекеттік сыйлықақылар мен стипендияларды төлеуге 1,5 млрд-тан астам қаржы бөлу жоспарланған. Атап айтқанда, 2023 жылы - 531, 2024 жылғы - 496, ал 2025 жылы - 569 млн теңге сыйақыға бағытталады.
Сонымен қатар, жоспарлы бюджет жобасы шеңберінде алдағы үш жылда елімізде 504 мектеп салу жоспарланған. Олардың құрылысына 2,6 млрд теңге бөлінуі мүмкін.