19:56, 13 Қаңтар 2010 | GMT +5
Алдағы Жеңіс күні мерекесі құрметіне Ақтөбеде 35 көше және 21 сквер жөнделеді және абаттандырылады
АҚТӨБЕ. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығы мерекесі қарсаңында Кеңес Одағы Батырлары атағын, Даңқ орденінің толық иегері атанған, оның ішінде 17 ақтөбелік батырлардың құрметіне аталған Ақтөбедегі 35 көше және 21 сквер жөнделеді және абаттандырылады.

Бүгін өткен баспасөз мәслихатында Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Сәния Қалдығұлова осы мақсаттар үшін бюджеттен және демеушілік қаражат есебінен 400 млн. теңге бағытталатын айтты.
Мереке қарсаңында барлық қайтыс болған майдангерлердің есімдері енгізілген естелік кітап шығарылмақ.