13:53, 08 Қараша 2013 | GMT +5
Алдағы жылы Ақтөбе облысында 160 мегаваттық газотурбиналық электр стансасы іске қосылады
АСТАНА. 8 қараша. ҚазАқпарат - 2014 жылы Ақтөбе облысында 160 мегаваттық газотурбиналық электр стансасы іске қосылады.

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында аталған өңірдің әкімі Архимед Мұхамбетов мәлім етті.
Өңірде жылына 6 млрд. текше метр қуаттылығы бар газ өңдеу зауытының екінші және үшінші кезектерінің құрылысы аясында ірі жоба жүзеге асырылып жатқандығына тоқталған әкім, «бұл жоба оңтүстік өңірлерді, еліміздің бірнеше облыстарын газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар қуаттылығы 160 мегаватт газотурбиналық электр стансасы құрылысының жобасы іске асырылуда. Бұл өз кезегінде біздің облыстың экономикасын жеке энергия көздерімен қамтуға ықпал етеді»,-деді.
Аймақ басшысы электр стансасының 2014 жылдың бірінші жартыжылдығында пайдалануға берілетіндігін жеткізді.