Александр Бублик әлемнің 27-ракеткасы атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) мен Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жекелей және жұптық сында жаңартылған рейтингіні жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
Фото: Getty Images

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, Галле (Германия) ATP 500 турнирінің жеңімпазы атанған Александр Бублик 48-ден 27-орынға көтерілді.

Бұл оның рекордтық көрсеткіші болып табылады.

Тимофей Скатов - 138, Бейбіт Жұқаев - 239, Михаил Кукушкин - 259, Денис Евсеев - 320, Дмитрий Попко 343-сатыда тұр.

Жұптық сында Александр Недовесов 53-тен 51-ге жоғарыласа, Андрей Голубев 86-орында келеді.

Әйелдер арасында Елена Рыбакина 3-орнын сақтап қалса, Юлия Путинцева 50-ден 51-ге сырғыды. Аружан Сағындықова 1064-тен 1022-ге шығып, мыңдыққа жақындады.

Жұптық сында Анна Данилина - 24, Жібек Құламбаева 197-орында тұр.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Бубликтің алғаш рет ірі жарыстың жеңімпазы атанғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Александр Бублик әлемдік рейтингте рекордтық көрсеткішке қол жеткізді.

Елена Рыбакинаның Истборн турниріндегі қарсыласы белгілі болды.


Соңғы жаңалықтар