Александр Бублик Монте-Карло мастерс турнирінің үшінші айналымына шыға алмады

Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 19-ыншы, осы жарыстың 13-ракеткасы, испаниялық Пабло Карреньо-Бустамен шеберлік байқасты.
Бірінші партияда брейк жасаған А.Бублик сол қарқынынан айырылған жоқ – 6:4.
Александр екінші сетті де брейкпен бастады – 2:0. Әйтсе де есеп 5:4 болып, матчқа доп бергенде, қарсыласы брейк жасап кетті. Тай-брейкте испаниялықтың жолы болды – 7:6 (7:3).
Үшінші, шешуші партияда есеп 3:4 болған мезетте А.Бублик матчты жалғастырудан бас тартты.
Бір сағат 41 минутқа созылған бәсекеде қазақстандық спортшы 11 эйс жасап үлгеріп, 4 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды. Қарсыласы 2 эйс, 2 брейкпен көзге түсті.
П.Карреньо-Буста жүлде қоры 5,8 млн еуроға бағаланған доданың ширек финалына шығу үшін әлемнің 3-ракеткасы, германиялық Александр Зверев немесе рейтингте 34-орындағы аргентиналық Федерико Дельбонистің біреуімен таласады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық жас теннисшілердің әлем чемпионаты іріктеу кезеңінің ширек финалына шыққанын, Германия құрамасының капитаны Рыбакина мен Кербердің ойыны қызықты болатынын айтқанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Оңтүстік Кореямен ойнайды.
Германияның бірінші ракеткасы Қазақстанмен матчтың қиынға түсетінін айтты.