Қазақстандық жас теннисшілер әлем чемпионаты іріктеу кезеңінің ширек финалына шықты

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, жарыстың екінші күні қазақстандық жасөспірімдер Вьетнам құрамасын 2:1 есебімен ұтты.
Бірінші ойында Әмір Омарханов қарсыласына еш мүмкіндік қалдырған жоқ – 6:0, 6:0.
Тартысты өрбіген екінші матчта Данир Қалдыбеков те үмітті ақтады – 2:6, 6:2, 6:3.
Ештеңені шешпейтін үшінші бәсекеде Ә.Омарханов пен Виталий Зацепин ұтылып қалды.
Осылайша Қазақстан жасөспірімдер құрамасы мерзімінен бұрын ширек финалға жолдама алды.
Ертең қазақстандықтар D тобындағы соңғы матчын Таиландпен өткізеді.
Ширек финал жеребесі 13 сәуір күні кешкісін тартылады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық жас теннисшілердің әлем чемпионатының іріктеу кезеңін жеңіспен бастағанын, Александр Бубликтің «Үлкен дулығаның» үш дүркін чемпионын ұтқанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Қазақстан құрамасы Германиямен өтетін матчқа дайындалып жатыр.
Ярослава Шведова Германия теннисшілерінің мүмкіндігі туралы айтты.