Рыбакина мен Кербердің ойыны қызықты болмақ – Германия құрамасының капитаны

Оның баспасөз мәслихатында мәлім еткеніндей, 15-16 сәуір күндері өтетін Қазақстан – Германия матчы тартысты болмақ.
Р.Шуттлердің пікірінше, Андреа Петковичтің жоқтығы Германия құрамасының ойынына онша әсер етпейді.
«Әрине, Андреа келсе, тіпті керемет болар еді. Бірақ ол АҚШ-тағы жарыста жарақат алып қалғандықтан, қатыса алмай отыр. Енді барына қанағат тұтуға тура келеді. Петкович командаға жақсы қолдау көрсететін тамаша теннисші еді. Андреа таяуда қалпына келіп, командаға қайта қосылады деп үміттенеміз. Екі команданың көшбасшысы туралы айтсақ, Елена Рыбакина – жас ойыншы. Анжелика Кербер – «Үлкен дулыға» турнирін ұтқан әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы. Қазіргі кезде екеуі рейтингіде көрші тұр. Сондықтан қызықты ойын болады деп күтеміз», деді Р.Шуттлер.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық жас теннисшілердің әлем чемпионатының іріктеу кезеңін жеңіспен бастағанын, Александр Бубликтің «Үлкен дулығаның» үш дүркін чемпионын ұтқанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Қазақстан құрамасы Германиямен өтетін матчқа дайындалып жатыр.
Ярослава Шведова Германия теннисшілерінің мүмкіндігі туралы айтты.