22:18, 28 Мамыр 2022 | GMT +5
Александр Бублик Ролан Гаррос турнирінің ширек финалына шыға алмады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық Александр Бублик жұптық сында Ролан Гаррос турнирінің ширек финалына шыға алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

А.Бублик аустралиялық Танаси Коккинакиспен бірге үшінші айналымда хорватиялық Иван Додиг - америкалық Остин Крайчекпен күш сынасты.
Бір сағат 15 минутқа созылған кездесуде хорватиялық-америкалық жұп 6:3, 6:2 есебімен жеңіске жетті.
Олар 6 эйспен бірге 13 брейк-пойнттың үшеуін пайдалана білді. Қазақстандық-аустралиялық жұп 6 эйспен ғана көзге түсті.
И.Додиг пен О.Крайчек жартылай финалға шығу үшін жарыстың бірінші ракеткалары, америкалық Раджив Рам - ұлыбританиялық Джо Сэлисберимен таласады.
Осылайша Франция ашық чемпионатында Қазақстанда жекелей сында Елена Рыбакина ғана қалды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Бубликтің Ролан Гаррос турнирінің үшінші айналымына шыққанын жазған болатынбыз.