Александр Бублик тұңғыш рет мастерс турнирінің жартылай финалына шықты
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанның бірінші, әлемнің 16-ракеткасы Александр Бублик Париж мастерс турнирінің жартылай финалына жолдама алды.
Қазақстандық теннисші ширек финалда әлемнің 6-ракеткасы, аустралиялық Алекс де Минорға қарсы келді.
Бірінші партияда аустралиялық теннисші тай-брейкте сәтті ойнады – 7:6 (7:5).
Бұдан кейін Бублик ойын тізгінін қолына алып, камбэк жасай білді – 6:4, 7:5.
Екі сағат 25 минутқа созылған тартысты бәсекеде А.Бублик 16 эйспен бірге 5 брейк-пойнттың екеуін өз есебіне жазды. Қарсыласы 12 эйс жасағанымен, 2 брейк-пойнтты пайдалана алмады.
Осылайша, А.Бублик спорттық жолында алғаш рет мастерс турнирінің жартылай финалына өтті.
Бұған дейін 2021 жылы ATP 1000 додасында екі рет ширек финалға дейін жеткен еді.
Александр Бублик финалға шығу үшін әлемнің 10-ракеткасы, канадалық Феликс Оже-Альяссиммен таласады.
Қазақстандық спортшы сондай-ақ Италияның Турин қаласында өтетін жылдың қорытынды турниріне барудан үмітін үзе қойған жоқ. Қазір ол АТР чемпиондық кестесінде 12-орында тұр.
Соңғы, сегізінші жолдамадан Лоренцо Музетти, Феликс Оже-Альяссим, Даниил Медведев және А.Бублик үміткер болып отыр.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның WTA қорытынды турниріндегі қарсыластары анықталғанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Александр Бублик алғаш рет Париж мастерс турнирінің ширек финалына өтті.
Елена Рыбакина жылдың қорытынды турнирін ұта ала, ол да хабарланды.