Александр Бублик Уимблдонның үшінші айналымына шықты

бублик
Фото: instagram.com/bublik

ЛОНДОН. KAZINFORM — Қазақстанның бірінші, әлемнің 23-ракеткасы Александр Бублик Уимблдон турнирінің үшінші айналымына шықты.

Қазақстандық теннисші екінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 98-орында тұрған франциялық Артур Казодан айласын асырды.

Бублик қарсыласын 6:4, 7:6 (7:1), 6: есебімен тізе бүктірді.

Екі сағат 6 минутқа созылған тартысты бәсеке барысында ол 19 эйс жасап, 4 брейк-пойнттың тең жартысын пайдаланды. Казо 7 эйспен шектелді.

Александр Бублик төртінші айналымға шығу үшін әлемнің 13-ракеткасы, америкалық Томми Пол немесе рейтингіде 147-сатыдағы финляндиялық Отто Виртаненнің қай жеңгенімен шеберлік таластырады. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Юлия Путинцеваның Уимблдонда әлемнің экс 1-ракеткасын жеңгенін жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Александр Бублик Париж олимпиадасында Елена Рыбакинамен бірге ойнауға дайын екенін айтты.

Тимофей Скатов Франциядағы жарыстың екінші айналымына өтті. 

Соңғы жаңалықтар
telegram